«Абай» саябағы — қаламыздың мәдениет және демалыс орталығы, отбасымен серуендеу үшін тамаша орын. Белсенді әрі ұжымдық демалысқа өте қолайлы орындар, теннис корттары мен футбол алаңдары бар. Сонымен қатар әрдайым байланыста болуға мүмкіндік беретін шексіз Wi-Fi интернет қызметі қарастырылған. Қаланың қақ ортасында орналасқан…
Шымкент қаласындағы дендросаябақ – Қазақстандағы ең ірі әрі көркем саябақтардың бірі. 1979 жылы ашылған бұл саябақ бүгінде пикник жасауға, фотосессиялар мен серуендеуге керемет мүмкіндік ұсынады. Мұнда 500 мыңнан астам ағаш және шамамен 1 миллион бұталар, олардың ішінде Қазақстанда кездеспейтін сирек және экзотикалық өсімдіктердің…
«Жайлау көл» демалыс аймағында биіктігі 50 метрді құрайтын «Shymkent Altyn Eye» аттракционы қаламыздың көркін ашып, халық игілігі үшін қызмет жасауда. 18 жабық кабинамен жабдықталған аттракцион 108 адамға лайықталған. Әрбір кабинаға қыста жылу, жазда салқындататын арнайы желдеткіш орнатылған. Қозғалыс кезінде аудио-экскурсия, хабарландыру трансляциясы…
«Жеңіс» саябағы – 1985 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығына орай ашылып, 2 гектар аумақты қамтиды. Отбасымен серуендеп, жайлы демалыс өткізуге тамаша мекен. Саябақта сұлулық пен жайлылық сезімін сыйлайтын 1570 раушан, шафран және сильвия гүлдері отырғызылған. Белсенді демалыс үшін мұнда жаттығу алаңы, балалар алаңы…
1979 жылы құрылған Шымкент хайуанаттар бағы – қала мен өңірдің басты көрікті жерлерінің бірі. Ресми ашылу күні 1980 жылдың 29 сәуірі болып саналады. Хайуанаттар бағының жалпы ауданы 54 гектарды құрайды, оның 34 гектарында экспозициялық аймақ орналасқан. Мұнда 3,5 мың сәндік және 50 жеміс ағаш түрлері, 10 түрлі шай-гибридті раушан гүлінің түрлері отырғызылған.
1991 жылы ашылған «Наурыз» саябағы 8 гектар аумақты алып жатыр. 2017 жылы облыстық бюджет есебінен қайта қалпына келтіріліп халық игілігі үшін пайдалануға берілді. Атап айтқанда, көгалды суару мәселесі шешіліп, травертинмен әрленген жаңа мәрмәр тақтайшалар бой көтерді. Сондай-ақ саябақтың кіреберісі, орындықтар жаңартылып, жасанды су қоймасының жағасы бекітілді.
«Орталық» саябағы – 1925 жылы ашылған. Көп жылдан бері «орталық мәдениет және демалыс саябағы» деп аталады. Саябақтың аумағында: субұрқақ, жаттығу алаңы, балалар ойын алаңы, шахмат ойнауға арналған алаң, сондай-ақ үш ірі автотұрақ орналасқан. 2013 жылы осы аумақты ретке келтіру мен аббаттандыру жұмыстары жүргізілген соң саябақ мүлдем жаңа бет…
«Тәуелсіздік» саябағы 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салтанатты түрде ашылды. Саябақ қаланың тарихи бөлігінде орналасқан. Кіре берісінде биіктігі 15 метрге жететін Триумфалды арка бар. Орталық аллеяның бойында орналасқан тақтайшаларда еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі маңызды оқиғаларының шежіресі жазылған.
Жалпы аумағы 45 гектардан асатын «SHYM CITY» саябағы қаладағы басты көрікті жерлердің бірі болып табылады. Саябақ үш аймаққа бөлінген: оңтүстік, орталық және солтүстік, әрқайсысы демалыс пен көңіл көтеруге арналған ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Оңтүстік аймақта 10 метрлік арка орналасқан, ал «Тюльпан» фонтаны жайлылық пен сұлулық атмосферасын…
Арбат — Бейбітшілік даңғылында орналасқан заманауи жаяу жүргіншілер аймағы. 2018 жылдың 1 желтоқсанында ашылғаннан бері, Арбат қала тұрғындары мен туристер үшін маңызды мәдени және әлеуметтік кеңістікке айналды. Арбат келушілерді архитектурасымен және жайлы атмосферасымен тартады. Жаяу жүргіншілерге серуендеу мен демалу қолайлы болуы үшін…
«Металлургтер» саябағы — бұл әрбір келушіге тыныштық пен жайлылық атмосферасын сезініп, жан мен тәнді демалтуға мүмкіндік беретін орын. Күн сайын саябақ жаңарып келеді, ескерткіштер жаңартылып, көркем аллеялар жасалуда, жарқын гүлзарлар қосылып, демалыс үшін, бұл кеңістікті одан да тартымды етуде. «Металлургтер» саябағы заманауи және…
2023 жылдың 27 қазанда мемлекетіміздің Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, қаладағы 11 шағын ауданда орналасқан саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауы берілді. Салтанатты жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас…
Қошқар Ата өзені — Шымкент қаласының тамыры болып табылады. Қошқар Ата өзені таза суымен және жағалауларында өсіп тұрған ағаштар мен бұталарымен ерекшеленеді. Серуендеуге және белсенді демалыс үшін тамаша орын. Өзен бойында таза ауа мен көркем пейзаждарды тамашалай алатын жаяу жүргіншілер аллеясы орналасқан.
Ескі Шымкенттің дәл жүрегінде, орталық базардың жанында орналасқан «Шәмші әлемі» сквері – музыка мен мәдениетті сүйетіндер үшін нағыз демалыс орны. Бұл сквер еліміздің музыкалық мұрасына арналып, қонақтарды шығармашылық пен шабыт атмосферасына шақырады.
Сквердің орталығында тұрған мүсіннің алдынан Жұлдыздар аллеясы басталады.
Этнопарк «Қазына» — бұл табиғи сұлулық пен тарихи мұраны біріктірген ерекше орын. Бәйдібек би ескерткішімен қатар орналасқан этно-тарихи кешен «Қазына» қала тұрғындары мен қонақтары үшін серуендеуге және демалуға арналған танымал орынға айналды. Саябақта 15-тен астам ағаш түрлері, соның ішінде қарағай, арша, қайың және басқа да ағаштар отырғызылған…