Қазақстан Түркия достығы саябағы

2023 жылдың 27 қазанда мемлекетіміздің Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел
Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, қаладағы 11 шағын ауданда орналасқан саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауы берілді.

Басты бет   |   Саябақтар  |  Қазақстан Түркия достығы саябағы

Қазақстан мен Түркияның Достық паркі демалыс орнына ғана емес, сонымен қатар әдемі бұрышқа айналды

2023 жылдың 27 қазанда мемлекетіміздің Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, қаладағы 11 шағын ауданда орналасқан саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауы берілді. Салтанатты жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел ретінде Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтай отырып, осы саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауын беру туралы шешім қабылдадық, – деді қала басшысы.

Сондай-ақ қала әкімі: «Екі мемлекеттің ынтымағы мен достастығы артып, халықаралық аренадағы алпауыт мемлекеттерге айнала берсін!» – деп тілегін жеткізді. Қазақстан мен Түркия достығы саябағы тек демалыс орны ғана емес, сонымен қатар әсем табиғатымен ерекшеленетін жайлы жер. Мұнда серуендеуге және кездесуге арналған ыңғайлы аймақтар, балаларға арналған алаңдар жасалып, отбасылық демалыс үшін мінсіз орынға айналуда.

Қалай жетуге болады?

Русский

Қазақша

English