«Жайлау көл» демалыс аймағында биіктігі 50 метрді құрайтын «Shymkent Altyn Eye» аттракционы қаламыздың көркін ашып, халық игілігі үшін қызмет жасауда. 18 жабық кабинамен жабдықталған аттракцион 108 адамға лайықталған. Әрбір кабинаға қыста жылу, жазда салқындататын арнайы желдеткіш орнатылған. Қозғалыс кезінде аудио-экскурсия, хабарландыру трансляциясы жұмыс жасайды. Аттракцион кеңістікте 15 минут айналады.
Бұл аттракцион арқылы Шымкенттіктер шаһарды 50 метрлік биіктіктен тамашалай алады. Аттракцион ТМД-дағы биіктігі жоғары дөңгелек шеңберлердің бірі. Ал Азиядағы ең үлкен ойын элементіне жатады. Алып әткеншектен бөлек бұл саябақта 15 түрлі ойын элементі де бар.