«Абай» саябағы — қаламыздың мәдениет және демалыс орталығы, отбасымен серуендеу үшін тамаша орын. Белсенді әрі ұжымдық демалысқа өте қолайлы орындар, теннис корттары мен футбол алаңдары бар. Сонымен қатар әрдайым байланыста болуға мүмкіндік беретін шексіз Wi-Fi интернет қызметі қарастырылған. Қаланың қақ ортасында орналасқан «Абай» саябағы келушілерді өзіне жайлылығы мен сан алуан ойын-сауық түрлерімен тартады.
Саябақ аумағында Қазақстаннан шыққан Отан қорғаушыларына арналған әйгілі «Даңқ» мемориалы орналасқан. Жеңістің 65 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған бұл ескерткіш жастарды тәрбиелеуде және халқымыздың ерлігі туралы естелік ретінде маңызды рөл атқарады.