1979 жылы құрылған Шымкент хайуанаттар бағы – қала мен өңірдің басты көрікті жерлерінің бірі. Ресми ашылу күні 1980 жылдың 29 сәуірі болып саналады. Хайуанаттар бағының жалпы ауданы 54 гектарды құрайды, оның 34 гектарында экспозициялық аймақ орналасқан. Мұнда 3,5 мың сәндік және 50 жеміс ағаш түрлері, 10 түрлі шай-гибридті раушан гүлінің түрлері отырғызылған. Хайуанаттар бағының алғашқы топтамасында 75 түрлі жануарлар мен құс түрлері болса, бүгінде мұнда бұғылар, арқарлар, пони, жолбарыстар, питондар, арыстандар және басқа да жануарлардың түрлері көбейіп келеді.
Шымкент хайуанаттар бағы – тірі табиғаттың ерекше мекені. 2010 жылдың шілдесінен бастап Еуразиялық аймақтық хайуаннаттар бағы мен аквариумдар қауымдастығының мүшесі болып табылады. Хайуанаттар бағының басты мақсаттарының
бірі – Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтау және олардың санын арттыру. Хайуанаттар бағының қызметкерлері келушілерге экскурсиялар жүргізіп, лекциялар оқиды, ал биологтар мен мамандар өз білімдерімен бөліседі.