Жергілікті маңызы бар, тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының архелогиялық нысаны. 2003-2004 жылдар аралығында қазба нәтижесінде қаланың 2200 жылдық тарихы дәлелденген. Археологтар қала дамуының бірнеше кезеңін сараптаудан өткізді. Қамал (Цитадель) қаланы жаудан қорғап тұрған бекініс болды.
2005 жылы Шымкентте саяси қайраткер және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мұражайы ашылды. Дінмұхамед Қонаев — теңдесі жоқ ұйымдастырушы, ол терең ой, кең эрудициямен ерекшеленді, бірақ оның басты сипаты — адамдарға деген сүйіспеншілігі.
Ерлік мұражайы. «Ерлік» мұражайы 2012 жылы желтоқсан айында жасақталып, ашылды. 2013 жылы 19 шілдеде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болып бекітілді. Мұражай 1941-1945 жылдардағы ҰОС мен 1979-1989 жылдар аралығындағы Ауған соғысы тарихынан сыр шертеді.
Қасірет мемориалды кешені саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап салынған, 1937-1938 жылдары көп адамның қаны төгілген Албастысай сайында орналасқан. 30-шы, 40-шы және 50-ші жылдардың басында болған саяси қуғын-сүргін мыңдаған адамның өмірін қиды. Қазақстанда 101 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 27 мыңы атылды. Олардың ішінде 7 мың адам…
Қылует этномұражайы Шымкенттегі ерекше орындардың бірі болып табылады. Кендебай Карабдаловтың қолымен құрастырылған, ол Тұрлан экспедициясы аумағында орналасқан. Кендебай Қарабдалов – суретші, музыкант, тарихшы және философ, ежелгі қазақ мәдениетін алға жылжыту мақсатында этномузейлер жасады. Ежелгі балшықтан жасалған құмыралар жасаумен…
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы — 2001 жылдың қараша айының 2 жұлдызында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай ашылды. Республикамызда алғаш жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып ашылған бұл мұражай мемлекетіміз бен қоғамымызда әділеттілікті қалпына келтірудегі және өткен ғасырдың саяси қуғын-сүргін…
Тарихи өлкетану мұражайы 1920 жылы негізі қаланған. Мұражай қаланың көрнекті мәдени ошақтарының бірі. 96 жылдан астам тарихы бар мұражайдың басты міндеті –жергілікті халыққа және облыс қонақтарына өлкеміздің керемет табиғат байлықтарымен, тарихы және мәдениетімен таныстыру. Бүгінде мұражай қорында 93000 мыңнан астам жәдігерлер сақталған.
«Хакім Абай» музейі — Абай Құнанбайұлына арналып 2009 жылдың 22 қыркүйегінде Шымкент қаласындағы, Абай саябағынан ашылды. Мұнда оқушыларға арналып экскурсиялар жүргізіледі, бейнефильмдер көрсетіліп, лекциялар оқылады, сондай-ақ Абайдың шығармашылығына арналып ашық сабақтар өткізіледі.
Майдан мен тылдың бірігуін бейнелейтін 35 метрлік обелиск және астындағы «мәңгілік алау» 1979 жылы салынды. Аллея бойымен екі жағынан 200 метрге созылған қара тақтайшаларға осы өңірден шыққан 140 мыңға жуық жауынгердің есімдері қашалып жазылған. Даңқ аллеясының ортасына «Жұлдыз» ескерткіші қойылған, онда қызыл гранитте облыстан шыққан…
Қаланың ең жасыл аймақтарының бірінде орналасқан галерея келушілерді жайлы атмосферасымен және жергілікті суретшілердің бірегей туындыларымен қарсы алады. Мұнда тақырыптық көрмелер, шығармашылық кездесулер, мастер-класстар және өңірдің заманауи әрі классикалық өнерін таныстыратын мәдени іс-шаралар өткізіледі.
Сайрам музейі 1992 жылы сәуір айында тарихшы, профессор М. Мирхалдаровтың бастамасымен ашылды. Сайрам музейі қорында 9 мыңға жуық жәдігер бар. Музей экспозициясы 10 залдан тұрады.