Visit Shymkent

Әлеуметтік-мәдени нысандар

Басты бет   |  Әлеуметтік-мәдени нысандар

Арбат демалыс аймағы

Арбат демалыс аймағы 2018 жылы 1 желтоқсан күні ашылған. Жаяу жүргіншілерге арналған аймақтың ұзындығы — жарты километр, ені — 35 метр. Бұл жерде 7 субұрқақ пен велосипед жолы орналасқан. Сондай-ақ 90 орындық, 26 үлкен және 76 кішкентай шам орнатылып, Бейбітшілік көшесі мен Әл-Фараби алаңының қиылысы және Республика даңғылы аркамен безендірілген.

Бейнелеу өнері галереясы

Бейнелеу өнері ғимараты 2015 жылдың ақпан айында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіхалықова және сол кездегі облыс әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуларымен салтанатты түрде ашылды. 2014 жылдың маусым айынан бастап, 2015 жылдың ақпан айына дейін музейге қосымша 3 зал қосылып, қызмет аясы кеңейді. Музейдің жалпы көлемі 2449 шаршы метр…

Бәйдібек би ескерткіші

«Бәйдібек би» ескерткіші – Шымкент қаласындағы ең биік ескерткіш болып табылады. Ескерткішті орнату үшін Шымкент қаласының солтүстіктегі ең биік нүктесі таңдалған – 220 метр. Мүсіннің биіктігі 10 м, тұғыр мен ескерткіштің өзін есепке алғанда монумент 23 метрді құрайды. Жалпы салмағы 9 тоннадан тұратын ескерткішті рекордтық мерзімде – 20 күн ішінде жасалынған.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы 2014 жылдың желтоқсан айында Республикамыз бойынша тұңғыш рет шырайлы Шымқаламызда ашылды. Бұл еліміздің өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей орталық. Мұнда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүйелі жүргізіледі.

Әзіл-сықақ және сатира театры

Әйгілі «Шаншар» әзіл-сықақ театрының базасында құрылған еліміздегі тұңғыш мемлекеттік сатира және әзіл-сықақ театры қысқа мерзім ішінде өз көрерменін таба білді. Қазіргі таңда 30-дан астам адам театр группасында жұмыс істеуде. Театр өзінің стилі мен деңгейі жөнінен өзге өнер ұжымдарынан ерекшеленеді.

Әл-Фараби атындағы алаң

Әл-Фараби атындағы алаңда қаладағы барлық салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Алаң қаланың орталығында орналасқан. Концерт, жәрмеңке, түрлі өнерлік көріністер өтеді. Сондай-ақ, алаң дәстүрлі мейрамдар өткізетін нысан болып табылады.

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасы

Кез-келген оқырманның талғамынан шығатын бұл ғимараттың қорында 650 мыңнан астам кітап бар. Әлемдік стандарттарға сай жаңадан салынған кешеннің ерекшелігі – мұнда оқырмандарға арналған мамандандырылған залдар, конференц-аудиториялар, интернет бөлмелер ашылған. Мәдени кешеннің ерекшелігі мұндағы залдар техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған.

Жер Ана тәуелсіздік монументі

«Жер Ана» тәуелсіздік монументі – бұл архитектуралық композиция туған жердің кеңдігін, бейбітшілік пен халықтар келісімін белгілейді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көшелерінің қиылысында орын тепкен. Биіктігі 34 метрді құрайтын бұл монументпен «Тәуелсіздік» саябағының арасын «Мемлекеттік рәміздер» алаңы мен ұзындығы 104 метрді құрайтын…

Ипподром

Нысан елдегі ең ірі болып табылады және оңтүстік аймақтың басты көрікті жерлерінің бірі болуға ұмтылады. Ипподром 1500 көрерменге арналған. Ат аренасы мен манеждерден басқа, 53 ат қорасы, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, көмекші бөлмелер, 310 көлікке арналған кең тұрақ кіреді. Трибунаның жоғары қабатында ашық терраса бар.

Көрме орталығы

«Көрме орталығы» — көлемі 2000 мың шаршы метрді алатын мамандандырылған 2 қабатты көрме орталығы Шымкент қаласының жаңа әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан. Мұнда түрлі бизнес форумдар, туристік іс-шаралар, сонымен қатар Оңтүстік пен алыс жақын шетелдерде өңдірілген ауылшаруашылық тауарларының көрмелері, жәрмеңкелер өткізіледі.

Наурыз алаңы

Шымкентте қаланың шырайына шырай қосқан көрікті мекендердің қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Сондай сәулетті орындардың бірі – «Наурыз» алаңы. «Наурыз» алаңы 1 гектардан астам аумақты қамтиды. Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған бұл нысанға 100 млн. теңге жұмсалған. Бұл аумақта «Ауылым – алтын бесігім» атты барельефті композициясы…

Опера және балет театры

«Опера және балет театры» Шымкент қаласының мақтан тұтатын бірден-бір мәдени нысандарының бірі. Театрдың ашылғанына көп уақыт өтпегендіктен бүгінгі таңда бұл ҚР ең жас театр болып табылады. Шымкенттегі опера және балет театры ғимаратының сырты мен ішкі жағы қазақ ұлттық стилінде безендірілген. Концерттік залдың сыйымдылығы 350 орынды құрайды.

Орыс драма театры

Орыс драма театрының жаңа, әрі қызықты қойылымдарды, алуан түрлі репертуары қала мәдениетін дамытуға, балалармен қатар ересектерді де тәрбиелеуге, қаланың мәдени өмірін байытуға бағытталған. Орыс драма театры спектакльдерді барша көрерменге паш ету мақсатында еліміздің өзге өңірлеріне жиі шығады. Орыс драма театры 1929 жылдың…

Түркістан салтанат сарайы

Түркістан салтанат сарайы- бұл халықаралық және республикалық шаралар, конференциялар, салтанатты кештер мен концерттер өтетін, 1420 орындық залы бар ғимарат. Ғимарат заманауи стандарттарға толық сай келетін және мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайланып салынған. Түрлі салтанатты шаралар ұйымдастыруға лайықталған «Түркістан» салтанат сарайының жалпы…

Цирк

Цирк 2011 жылы 17 желтоқсанда ашылған. Мекеменің ғимараты ерекше дизайнымен көзге түседі. 1200 көрерменді бір уақытта қуанышқа бөлейтін мекеменің бүгінгі таңда 11 бөлімінде 145 қызметкер; клоундар, акробаттар, балуандар мен фокусшылар жұмыс істейді. «Цирк» мекемесінің ашылуы Шымкентте халықаралық деңгейде танылған цирк ұжымдарының…

Шәмші әлемі

Әл-Фараби ауданына қарасты “Көл” маңындағы жаңадан салынған аллеяға – “Шәмші әлемі” ша­ғын­бағы деп атау берілді. Бұл әсем атау енді ғасырлар бойы ха­лыққа қызмет ете бермек. “Шәм­ші әлемі” шағынбағында көп­теген облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар, фести­валь­дар мен тағы басқа да түрлі жарыстар өткізілуде.

Qyzgaldaq saraiy

Шымкент қаласының көркін келтіріп тұрған, Шымсити шағынауданында орналасқан мәдениет ошағы. Мұнда көптеген концерттік шаралар, жиындар мен кездесулер өткізіледі. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша салынған үш қабатты ғимараттың ауданы 17 964 шаршы метрді құрайды. Концерт залының сыйымдылығы-2 066 орын.

А.C.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана

Ғасырдан астам тарихы бар А.С.Пушкин кітапханасы 1899 жылы А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерекесі қарсаңында өлкетанушы Н.Лыкошиннің растауымен Шымкентте ашылып, кешегі күнге дейін қаншама оқырмандарға қызмет жасап келді. Қазіргі таңда өзгеше келбетке еніп, келушілерге жаңа қызмет түрін көрсетпек. Қазіргі ғимараты, Қазыбек би көшесінде…

Бейісбековтер отбасының «Алтын орда» жеке көркем сурет галереясы

Қазақстан қолөнершілер одағының бөлімшесі «Бейісбековтер отбасының «Алтын орда» жеке көркем сурет галереясы» ата бабамыздың дәстүрлі тәсілімен таза табиғи шикізаттардан жасалған қазақ қолөнер бұйымдарын жасайды. Атап айтқанда: аяқ киім, бас киім, қамшы, үйтұмар, тұсау кесу жібі, кәдесыйлар және т.с.с бұйымдар.

Жастар ресурстық орталығы

Жастар саясатын үйлестіру мақсатында Жастар ресурстық орталығы қала жастарына жан-жақты қолдау білдіріп, жастардың бастамаларын жүзеге асыру бағытында қызмет көрсетеді. Ғимаратта 18 кеңселік кабинет, 600 орындық зал қарастырылған. Орталықта жастарға арналған үйірмелер мен диалогтық алаңша ұйымдастырылған. Орталықтың қызметін 80 мыңнан астам жастар…

Мұз сарайы

Бұл үлкен спорт кешенінің жалпы ауданы 1800 шаршы метр, мұз алаңы мен сыйымдылығы 2000 адамға арналған көрермен залынан тұрады. Мұнда коньки тебу және конькиді жалға алуға болады. Мұз айдынында жақсы техникалық жабдықтар мен заманауи мұздатқыш машиналарының арқасында мұз айнадай жағдайында үнемі ұсталып тұрады.

Шанин атындағы Облыстық драма театры

Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театры-көрермендерге өзінің жаңа ғимаратының есіктерін 2014 жылы ашты. 500 орынға лайықталған ғимарат театрға қойылатын барлық халықаралық талаптарға жауап береді әрі қажетті құралдармен жабдықталған. Сахнаның биіктігі талапқа сай 30 метрді құрайды.

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры

Шымкент қаласында қуыршақ және жас көрермендер театры 1983 жылы ашылды. 41 жылдық тарихы бар театр репертуарында бүгінде отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымы бар. Олар: А. Файзуллаұлының «Керқұла атты Кендебай», А.Малюченконың «Бақыт құсы», О.Әубәкіровтың «Былғары және спорт»…

Өзбек драма театры

Өзбек драма театры Сайрам тұрғын алабында 2003 жылдың 14 наурызында құрылды. Өзбек театрының репертуары жыл сайын классиктер мен қазіргі заманғы драматургтердің жаңа комедия, драма, трагедияларымен толығуда. Юморлық көріністер негізінен өмір шындығынан алынып, жергілікті әзіл-қалжыңдар пайдаланылатындықтан жұртшылықтың ерекше…

Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы (Достық үйі)

Бұл ғимарат – Шымкент қаласының мәдени тарихындағы маңызды орын. 1970-жылдары «Қазақстан» кинотеатры ретінде салынып, ондаған жылдар бойы қала тұрғындарына қызмет көрсетіп, мәдени өмірдің ордасы болды. 2014–2015 жылдары күрделі жөндеуден өткізіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филиалына берілді.

Русский

Қазақша

English