«Орталық» саябағы – 1925 жылы ашылған. Көп жылдан бері «орталық мәдениет және демалыс саябағы» деп аталады. Саябақтың аумағында: субұрқақ, жаттығу алаңы, балалар ойын алаңы, шахмат ойнауға арналған алаң, сондай-ақ үш ірі автотұрақ орналасқан.
2013 жылы осы аумақты ретке келтіру мен аббаттандыру жұмыстары жүргізілген соң саябақ мүлдем жаңа бет бейнеге ие болды. Бір ерекшелігі, орталық саябақта «Ардагерлер үйі» жұмыс істейтіндіктен, мұнда аға буын өкілдерінің де бос уақытын өткізуге барлық жағдай жасалған.