«Тәуелсіздік» саябағы 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салтанатты түрде ашылды. Саябақ қаланың тарихи бөлігінде орналасқан. Кіре берісінде биіктігі 15 метрге жететін Триумфалды арка бар. Орталық аллеяның бойында орналасқан тақтайшаларда еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі маңызды оқиғаларының шежіресі жазылған.
Саябақтың орта тұсында «Ел бірлігі» монументі орнатылған. Саябақта – «Алтын шаңырақ» монументті, бірегей сазды әуенге билейтін субұрқақты тамашалауға болады.