Visit Shymkent

Афиша

Басты бет   |  Афиша

«Ұрланған жаңа жыл» Ертеңгілік!

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕГІ «ҰРЛАНҒАН ЖАҢА ЖЫЛ»

Балалар мен ата-аналарды сиқырға толы мерекелік оқиғаға жетелейтін ерекше жаңа жылдық шоу!

Жаңа жылға әзірлік қызып жатқан сәтте күтпеген жағдай орын алады: тентек әрі қулыққа толы Гринч Жаңа жылды ұрлап әкетеді! Шамдар сөніп, шырша сәнінен айрылады, ал Аяз ата мен Ақша қар ізім-ғайым жоғалады.

Мерекені құтқару үшін көңілді достар бір топқа бірігеді: батыл Чики, шатақ мінезді Чача, өжет Бум Бум, мейірімді Ляля, жылдам Соник, жұмбақ Уенздей және жаңа жылдың символы текті Жылқы.

Олар балалармен бірге қар патшалығы, сиқырлы лабиринт және музыкаға толы өткелдерден өтіп, қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындайды. Осы сапарда Гринчтің жалғыздықтан ренжігені анықталып, достар оған Жаңа жылдың басты құндылығы сыйлық емес, достық пен жылулық екенін түсіндіреді.

Жүрегі жібіген Гринч мерекені қайтарып, сахнаға көптен күткен Аяз ата мен Ақша қар оралады. Шырша шамдары жарқырап, залды шаттық пен ертегі атмосферасы кернейді.

Алтынсақа

«Алтын сақа» халық ертегісінің желісімен жасалған, Жаңа жылдың сиқырымен көмкерілген мерекелік қойылым. Жаңа жыл жақындаған сайын адамдар үміт пен тілектерге толы, ал балалар үшін ойын мен ғажайыпқа сенетін кез. Дәл осы мерекелік уақытта алтын сақаға таласқан екі баланың жанжалы үлкен оқиғаға ұласады. Ашкөздік пен арамдыққа бой алдырған Алпамса мен Сұлубикештің айласы ауылға көлеңке түсірсе, адал дос Нұржан Жаңа жыл қарсаңында нағыз батылдық көрсетеді. Ол Сарманды құтқару үшін қауіпті жолға аттанып, достықтың, мейірімнің және сенімнің ең үлкен құндылық екенін дәлелдейді. Шығарма Жаңа жыл рухын жақсылықтың жеңісін, тілектердің орындалуын және адамдардың бір-біріне жылулық сыйлауын бейнелейді. Балаларға арналған қызықты, күлкілі, жүрекке жылы ертегілік қойылым.

«Иллюзия Обмана» шоуы Шымкент қаласында

Шымкентте алғаш рет! «Иллюзия Обмана» шоуы!

Тақиядағы қояндар мен оңай фокустар туралы ұмытсаңыздар болады! Себебі біздің шоуда сіздер заманауи сиқырдың бар күшін сезінетін боласыздар!

Сиқыршылар сіздердің саналарыңызды басқарып, ойларыңызды оқып алады. Қолдарыңыздағы заттар бірде ғайып болып, бірде қайтадан пайда болып, ненің рас, ненің өтірік екенін ажыратудан қалдырмақ. Әрбір көрермен әуеде қалықтап, ұшатын мүмкіндік алатын болады.

Өзіңізге және жақындарыңызға Жаңа жылдық сиқыр әсерлерін сыйлаңыздар!

Тек 1 күнге ғана, 1 ғана сеанс. «Түркістан» салтанат сарайында орын алатын қайталанбас керемет бағдарлама.

Не Просто Новый Год Шымкент қаласында

ДӘСТҮР БОЙЫНША тыңдармандарымызға жаңа жылдық композицияларды ұсынамыз!

Осымен 8 жыл бойы Қазақстандағы алғаш тәуелсіз симфониялық оркестр сүйікті тыңдармандарымызды сан алуан сериалдар, кино, аниме және т.б. туындылардан танымал музыкамен қуантып жүр. Жуырды қалаңызға қонаққа келіп, симфониялық туындылардың сиқырын паш етпекпіз!

Жаңартылған және кеңейтілген бағдарлама ешкімді бей-жай қалдырмас! «Один дома», «Нарния», «Ирония судьбы», «Служебный роман», «Холодное сердце», « Ну, погоди», «Полярный экспресс», «Хранители снов», «Анастасия», «Кавказская пленница» және баршамыздың сүйікті жаңа жылдық әндеріміз.
Сіздерді шексіз музыка әлемі мен ұмытылмас әсерлер күтуде!

Концерт әрқайсыларыңызға арналады. Ne Prosto Orchestra-мен бірге өзіңізге және жақындарыңызға ерекше жаңа жылдық көңіл күй сыйлаңыздар!

Судағы Никулин циркі

Өтетін орны: Шымкент циркі

Күні: 20-21 желтоқсан, 2025

Уақыты: 16: 00

Русский

Қазақша

English