Сайрамның солтүстік — шығысында орналасқан Ибраһим ата кесенесі Ахмет Ясауидің әкесі ИбраҺим шейхінің мазарының үстінен салынған. Сопылық ілімді таратып, халық арасында танымал болған тұлға. Бізге жеткен аңыздарға сүйенсек – Ибраһим ата «төрт әділ халифтің» төртіншісі Әли Әбу Талибтің ұрпағы болып келетін Ысқақ бабтың 13-ші ұрпағы.
Қарашаш ана кесенесі ежелгі Исфиджаб, қазіргі Сайрам жерінде орналасқан. ХІХ ғасырдың тарихи ескерткіші болып табылатын бұл кесене оңтүстік өңірінде кең тараған ортағасырлық сәулет өнерінің күмбезді үлгісінде салынған. Қарашаш ананың шын есімі — Айша-Бибі. Сайрамның әйгілі Мұса шейхінің қызы болған Айша-Бибі…
Әбділ Әзіз Баба кесенесі VIII ғ. – Шымкент қаласы маңындағы Сайрам тұрғын алабында орналасқан Әбділ Әзіз Баба рухына бағышталған архитектуралық ескерткіш. Ол қазіргі Қазақстан аумағында ислам дінін насихаттаушы және уағыздаушы болған. Сонымен қатар, адамдарды тазартып, залалдардан арылту қасиеттерінің арқасында ол ел арасында «киелі» деп танылған.
Сайрам тұрғын алабының орталық бөлігіне жақындау Қарамұрт ауылына баратын Әмір Темір көшесінің бойында орналасқан Қожа Салық кесенесі XIX ғ. жатады. Шатырында шаршы пішіндес жоспарланған қос күмбез бірінің үстіне бірі орнатылған болатын. Өкінішке орай, сыртқы күмбез бізге дейін жетпеген. Кесененің төрт қасбетінің үстіңгі бөлігінде сүйірленген қуыстары оған ерекше көрік…
Шымкенттің көрікті жерлерінің бірі – Қошқар ата кесенесі. Мұнда жерленген тұлға туралы жазбаша дәлелдер болмағанымен, оның айналасында ұрпақтан ұрпаққа жеткен көптеген аңыздар қалыптасқан. Аңыздар бойынша, Қошқар ата рухани мұрасын жоғары бағалап, Құран мен хадистерді жетік білген. Халық арасында зор құрметке ие болып, қази (сот) қызметіне…
Сайрамның ежелгі мұраларының бірі – ХІХ ғасырға жататын Қызыр пайғамбардың атымен аталған мұнара. Қазақстанның ең көне қалаларының бірі — Шымкентте, Сайрам тұрғын алабында орналасқан. Көне сәулет ескерткіші болып саналатын мұнара күйдірілген кірпіштен соғылған. Соғылған кездегі биіктігі 10,5 метр болғанымен, кейін жер сілкінісі мен табиғи…
Қазақ тарихында Мәртөбе қалашығы — дала парламентiнiң рөлiн атқарған орын ретiнде белгiлi. Қазақ даласында көптеген төбелер болғанымен, Мәртөбе олардың ішінде осындай маңызды мәнге ие бірегей төбе болып табылады. Мұнда алғашқы құрылтай өткізіліп, қазақ рулары мен тайпаларының ақсақалдары көшi-қон мәселелерiн, жайылым алқаптарын және…
Мірәлі баб кесенесі — XIX ғасырдың соңында діни ғұлама адамның құрметіне арналып тұрғызылған. 9 метрлік қалайы күмбезбен безендірілген кесене Сайрам тұрғын алабының орталығында, ескі зиратта, екі басты көшенің қиылысынан алыс емес жерде орналасқан. Кесененің жалпы ауданы 9,8х6,4 метрді құрайды, ал күмбездің биіктігі 9 метрге жетеді.