«Металлургтер» саябағы — бұл әрбір келушіге тыныштық пен жайлылық атмосферасын сезініп, жан мен тәнді демалтуға мүмкіндік беретін орын. Күн сайын саябақ жаңарып келеді, ескерткіштер жаңартылып, көркем аллеялар жасалуда, жарқын гүлзарлар қосылып, демалыс үшін, бұл кеңістікті одан да тартымды етуде. «Металлургтер» саябағы заманауи және жайлы демалыс аймағына айналып келеді. Сонымен бірге саябақ тарихи элементтерін сақтап қалған. Олардың бірі – саябақ ортасында орналасқан Владимир Ильич Лениннің мүсіні.
Саябақ аумағында 59 ыңғайлы орындық, 112 қоқыс жәшігі, оңашаланып демалу үшін 4 жабық самалжай, белсенді өмір салтын ұнататындарға арналған 2 жаттығу алаңы және кешкі уақытта саябақты жарықтандыратын 49 шам орнатылған. Сонымен қатар, 9 көше шамдары ыңғайлы әрі қауіпсіз атмосфера қалыптастырады. Саябақтың жалпы аумағы 5 гектар 36 сотықты құрайды.