Жергілікті маңызы бар, тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген
Қазақстан Республикасының архелогиялық нысаны.
Басты бет | Мәдени-тарихи нысандар | «ШЫМ ҚАЛА» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ
Жергілікті маңызы бар, тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының архелогиялық нысаны. 2003-2004 жылдар аралығында қазба нәтижесінде қаланың 2200 жылдық тарихы дәлелденген. Археологтар қала дамуының бірнеше кезеңін сараптаудан өткізді. Қамал (Цитадель) қаланы жаудан қорғап тұрған бекініс болды. Қалашықтың қазіргі сақталған бөлігі қоршалған шахристан мен цитадель деп белгіленген.
Цитадель қалашықтың ең көне аумағы, I-XIX ғасырларды қамтиды, бұнда ертеректе, билеушінің сарайы, әскери қолбасшының үйі, сауда алаңы орналасқан. Қазіргі таңда, кешен ашық аспан астындағы музей.