Даңқ мемориалы

«Даңқ» мемориалдық кешені 2010 жылы Абай саябағының аумағында салынған.

Басты бет   |  Мәдени-тарихи нысандар  |  Даңқ мемориалы

Мұнда соғыстан оралмаған 140 мың боздақтың есімдері тасқа қашалған

Майдан мен тылдың бірігуін бейнелейтін 35 метрлік обелиск және астындағы «мәңгілік алау» 1979 жылы салынды. Аллея бойымен екі жағынан 200 метрге созылған қара тақтайшаларға осы өңірден шыққан 140 мыңға жуық жауынгердің есімдері қашалып жазылған. Даңқ аллеясының ортасына «Жұлдыз» ескерткіші қойылған, онда қызыл гранитте облыстан шыққан

Кеңес Одағының 51 батыры мен Даңқ орденінің 8 толық иегерінің есімі жазылған. Аллеяда Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің құрметіне арналған әскери техниканың ашық аспан астындағы мұражайы орналасқан.

Қалай жетуге болады?

Русский

Қазақша

English