«Қасірет» мемориалдық кешені саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған.
1937-1938 жылдары көптеген адамдардың қаны төгілген Албастысай шатқалында орналасқан.
Басты бет | Мәдени-тарихи нысандар | Қасірет мемориалды кешені
Қасірет мемориалды кешені саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап салынған, 1937-1938 жылдары көп адамның қаны төгілген Албастысай сайында орналасқан. 30-шы, 40-шы және 50-ші жылдардың басында болған саяси қуғын-сүргін мыңдаған адамның өмірін қиды. Қазақстанда 101 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 27 мыңы атылды. Олардың ішінде 7 мың адам Оңтүстік Қазақстаннан болды. Мемориал қатаң стилінде орындалған: екі темір тордың ішіне мәрмәр кесектер қойылған, қабырғадағы тордың артында жылап жатқан көз бейнеленген.
Қасында құрбандар жерленген жерді үлкен тас жауып тұр. Төбеде баласын ұстап тұрған ана мүсіні орнатылған. Ескерткіш төңірегінде тыныш, әдемі мемориалды саябақ құрылған. Жасыл шөбі, хош иісті раушан гүлдері, жемісті ағаштары бүкіл қасіретке қарамастан тарих, өмір және сұлулық жалғасу керек деген бізге ескерту. Жыл сайын 31 мамыр күні Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі.