Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан «OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг туристік кешенінің құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, этнотуризмді дамытуға және тұрақты демалыс инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 6 глэмпинг үйіне арналған аумақ толықтай қоршалып, 4 арка орнатылды. Сондай-ақ 2 капсулалық үй дайындалып, монтажға әзір тұр, ал қалған 8 капсула жеткізу кезеңінде. Инженерлік және аумақты абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Жобаның бірінші кезеңін 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. «OMIR SHYMKENT» кешені іске қосылғаннан кейін Шымкенттің жаңа туристік тартылыс орталығы ретінде өңір экономикасына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі.





