Visit Shymkent

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТУ МАҚСАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы 2026 жылғы 23–25 қазан аралығында Шымкент қаласының туристік тартымдылығын кеңінен таныту мақсатында отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге арналған ақпараттық тур ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қаланың тарихи-мәдени мұрасын, табиғи көрікті жерлерін, гастрономиялық ерекшеліктері мен заманауи туристік нысандарын таныстыру, сондай-ақ Шымкентті халықаралық деңгейде танымал туристік бағыт ретінде ілгерілету.

Үш күндік бағдарлама аясында Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея және Қытайдан келген журналистер мен блогерлер «Шым қала» тарихи-мәдени кешенін, Сайрамның тарихи орындарын, дендросаябақты, хайуанаттар бағын, Бейсбековтер әулетінің «Алтын Орда» шығармашылық шеберханасын және «Banana Bau» банан жылыжайын аралады.

Сонымен қатар қатысушылар қаланың заманауи қоғамдық кеңістіктерімен танысып, Халықаралық батпырауық фестиваліне қатысты. Бағдарлама қонақтарға Шымкенттің тарихи мұрасын, мәдени ерекшеліктерін және туристерге ұсынылатын мүмкіндіктерін жан-жақты тануға жол ашты.

Ақпараттық тур қорытындысы бойынша қатысушылардың телеарналарда, ақпараттық порталдарда және әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы туралы материалдар жариялауы көзделді. Бұл бастама қаланың туристік мүмкіндіктерін халықаралық аудиторияға танытуға, туристік бағыт ретіндегі танымалдығын арттыруға және Шымкенттің туристік имиджін нығайтуға бағытталған.

Русский

Қазақша

English