Шымкентте уақыт өте келе көрікті жерлер саны артып келеді,
қалаға тартымдылық қосты.
Басты бет | Әлеуметтік-мәдени нысандар | Наурыз алаңы
Шымкентте қаланың шырайына шырай қосқан көрікті мекендердің қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Сондай сәулетті орындардың бірі – «Наурыз» алаңы. «Наурыз» алаңы 1 гектардан астам аумақты қамтиды. Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған бұл нысанға 100 млн. теңге жұмсалған. Бұл аумақта «Ауылым – алтын бесігім» атты барельефті композициясы, қазақтың салт-дәстүрін көрсететін «Көкпаршы», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Бүркітші» кейіптері көрсетілген сәулеттік декоративтік элементтер орналастырылған.