Visit Shymkent

Қала күні мерекесіне орай  «Шымқала тарихи мәдени кешені» аумағында кең көлемде «Этно Шымкент»  фестивалі өтті.

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 маусым күні Қала күні мерекесіне орай  «Шымқала тарихи мәдени кешені» аумағында кең көлемде «Этно Шымкент»  фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, халқымыздың төл мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және қаланың туристік имиджін нығайту. Бұл фестиваль – көшпенділер өркениетінің бай мұрасын заманауи форматта ұлықтауға, отбасылық демалыс мәдениетін дамытуға және ашық аспан астында ерекше ұлттық колорит қалыптастыруға бағытталған ауқымды мәдени-танымдық шара. Фестиваль барысында қатысушылар бабалар тарихымен қауышып, ұлы даланың рухын сезініп қана қоймай, әртүрлі шығармашылық, қолөнер және спорттық бағыттағы шараларға қатысып тағылымды демалыс өткізді.

Фестиваль барысында ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі, рекордтық мөлшердегі құрақ көрпелер көрмесі, үлкен концерттік бағдарлама, кештің ерекше шоулары (отты шоу, лазер шоу, барабан шоу) және ұлттық ойындардан сайыстар өтті .

Русский

Қазақша

English