Шымкент қаласындағы «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде оқушыларға арналған тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақты қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен таныстыру, ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру және тарихи-мәдени мұраны насихаттау.
Экскурсия барысында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігімен, ұлттық мәдениет элементтерімен, қолөнер бұйымдарымен және тарихи мұралармен танысты. Сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы танымдық ақпараттар берілді.
Мұндай экскурсиялар оқушылардың туған өлкенің тарихы мен мәдениеті туралы білімін кеңейтіп, Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.








