Visit Shymkent

Шымкент қаласында халықаралық пресс-тур басталды

Шымкент қаласында өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында үш күндік халықаралық ақпараттық пресс-тур өз жұмысын бастады. Іс-шараға Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен және Қазақстанның өзге өңірлерінен келген 30 блогер мен медиа өкілі қатысуда.

 

Пресс-турдың негізгі мақсаты – Шымкент қаласының тарихи, мәдени және туристік нысандарын таныстыру арқылы өңірдің туристік имиджін халықаралық және отандық ақпараттық кеңістікте нығайту.

 

1-күн: Көне Сайрамға таныстырылым сапары

Қатысушылар алғашқы күнді Ұлы Жібек жолының маңызды тарихи орталықтарының бірі – Город-Сайрам (Испиджаб) қалашығынан бастады. Бағдарлама аясында:

  • «Shym-Qala» тарихи-мәдени кешені,
  • «Алтын Орда» көркемсурет галереясы,
  • Шымкент ипподромында ұйымдастырылған ұлттық спорт түрлерінің (көкпар, жамбы ату) көрсетілімі ұсынылды.

 

Кешкі уақытта делегация Miras Tazalyq экологиялық жобасымен танысып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі – Арбат аймағында болды.

 

2-күн: Рухани мұра мен табиғи аймақтарға саяхат

Пресс-турдың екінші күні қатысушылар:

  • Сейтжан Қари Есжанұлы атындағы үлкен мешітке,
  • Қаланың биік нүктелерінің бірі саналатын «Байдібек би» монументіне,
  • Дендрологиялық паркке,
  • Шымкент зообағына,
  • сондай-ақ жылыжай кешені «Банан бауға» барды.

 

Қонақтар өңірдің экотуризм және отбасылық демалыс бағыттарының потенциалына жоғары баға берді.

 

3-күн: Батпырауықтар фестивалімен түйінделетін күн

Үшінші күні делегация ShymCity Park аумағында өтетін Батпырауықтар фестиваліне қатысады. Іс-шара барысында блогерлер мен медиа өкілдері қала тұрғындарымен еркін форматта пікір алмасып, Шымкенттің заманауи мәдени және демалыс инфрақұрылымымен танысады.

Русский

Қазақша

English