Visit Shymkent

Шымкентте академик Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевтың 83 жылдығына арналған колледж студенттері арасындағы Республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті

Шымкент қаласында академик Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевтың 83 жылдығына арналған колледж студенттері арасындағы Республикалық Спартакиада табысты аяқталды. Биылғы спорттық додаға Қазақстанның 12 облысынан және екі мегаполисінен келген қатысушылар жиналып, жүздеген дарынды студенттер мен олардың жаттықтырушыларын бір алаңға тоғыстырды.
Іс-шара бағдарламасы аясында қонақтарға қаланың шолу-экскурсиясы ұйымдастырылды. Қатысушылар Шымкенттің мәдени, тарихи және туристік инфрақұрылымының негізгі нысандарымен танысып, мегаполистің қазіргі келбетіне негіз болатын маңызды орындарды аралады.
Экскурсия барысында студенттер:
•орталық алаңдар мен жаңартылған қоғамдық кеңістіктерді;
•мәдени және сәулет нысандарын;
•заманауи спорт кешендерін;
•мегаполистің визит картасына айналған туристік аймақтарды аралады.
Қонақтар ұйымдастыру деңгейін, жылы қабылдауды және қалада өткізілген мазмұнды бағдарламаны жоғары бағалады. Көптеген қатысушылар бұл экскурсия Шымкенттің тарихымен және қарқынды дамуы туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Республикалық Спартакиада студенттік спорттың дамуына, өңірлер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына және жас буын өкілдерінің тәжірибе алмасуына жол ашқан маңызды оқиға болды.
Шымкент тағы да республикалық деңгейдегі іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алатын, жастар бастамаларын қолдайтын қонақжай мегаполис екенін дәлелдеді.

Русский

Қазақша

English