Visit Shymkent

«ЖАС ГИДТЕР МЕКТЕБІ» — ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА СЕРПІН

Орталық Азия Инновациялық университетінде «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Жас гидтер мектебі» атты оқыту іс-шарасы өтті. Бағдарлама студенттер мен тәжірибелі гидтердің кәсіби дағдыларын дамытуға, экскурсиялық қызмет көрсету сапасын арттыруға және қаланың туризм саласындағы кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталды.

Іс-шараға Орталық Азия Инновациялық Университетінің «Туризм» мамандығының студенттері, сондай-ақ Шымкент қаласының тәжірибелі гидтері мен экскурсоводтары қатысты. «Жас гидтер мектебі» қатысушыларға білім мен тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлігін жетілдіруге және қаланың туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.

 

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі.

Русский

Қазақша

English