Visit Shymkent

БУРАБАЙ МЕН ӨСКЕМЕНДЕ АҚПАРАТТЫҚ БҰРЫШТАР АШЫЛДЫ

2025 жылғы 22-23 ақпанда Шымкент қаласының туристік әлеуетін насихаттау мақсатында Өскемен қаласы мен Бурабай кентінде арнайы ақпараттық бұрыштар ашылды. Аталған іс-шара Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын Бурабай және Өскемен туризм саласындағы мүмкіндіктермен таныстыруды көздейді.

Ақпараттық бұрыштарда келушілер Шымкент қаласының тарихи және мәдени нысандары, ойын-сауық орталықтары, қонақүйлер, мейрамханалар және туристік қызметтер туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Шымкенттің гастрономиялық ерекшеліктері мен дәстүрлі фестивальдері туралы мәліметтер ұсынылды, арнайы карталар, буклеттер және басқа да ақпараттық материалдар тегін таратылды. Бұл бастама Шымкент қаласының туризмін дамытуға және Бурабай мен Өскемен арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады. Ақпараттық бұрыштар Шымкент қаласының туристік әлеуетін тұрғындар мен қонақтарға ұсынуда маңызды рөл атқарады.

Русский

Қазақша

English