Осы аптада Шымкент қаласында қызықты мәдени іс-шаралар өтеді. Кештер мен демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтарын концерттер, театр қойылымдары, стенд-ап шоулар және цирк өнері күтеді.
Қаланың сахналары мен мәдени орталықтарында түрлі жанрдағы концерттер ұйымдастырылады. Театр сүйер қауым классикалық және заманауи спектакльдерді тамашалай алады. Ал әзілді жақсы көретіндер үшін жергілікті және шақырылған комиктердің стенд-ап кештері өтеді. Аптаның ерекше оқиғаларының бірі – цирк қойылымдары, онда көрермендерді әсерлі нөмірлер мен ерекше орындаушылар қуантады.
Бұл апта – мәдени кештер мен өнер сәттерінен ләззат алуға тамаша мүмкіндік. Іс-шаралардың нақты уақыты мен өтетін орны туралы ақпаратты ұйымдастырушылардың ресми парақшаларынан қарауға болады.
Қанат Әлжапбаров — «Сахнада 15 жыл» әзіл кеші
«Түркістан» сарайы
17 желтоқсан, 18:30 / 21:00
2000 ₸ бастап
«Щелкунчик»
Ж. Шанин атындағы театр
17 желтоқсан, 19:00
8000 ₸ бастап
«Зу зу Күлпәш, Вәйнә и Мир»
Ж. Шанин атындағы театр
17 желтоқсан, 19:00
8000 ₸ бастап
«Ұрланған жаңа жыл» (ертеңгілік)
Жастар театрының ғимараты, Қазыбек би көшесі, 9
20–31 желтоқсан, 11:00 / 16:00
1000 ₸ бастап
Никулин циркі (судағы шоу)
Шымкент циркі
20–21 желтоқсан, 16:00
2000 ₸ бастап
Медет Досханаев
Астана даңғылы, 14, «Түркістан» концерт залы
20 желтоқсан, 19:00
2000 ₸ бастап
J-TIME Fest
Жеңіл атлетика манежі, Казиева көшесі, 2А
21 желтоқсан, 19:00
5000 ₸ бастап



