Visit Shymkent

Шымкентте желтоқсанды жайлы өткізудің 5 жолы

Шымкенттегі желтоқсан – ерекше кезең. Бұл уақытта қала жұмсақ климатымен, шуақты күндерімен және баяулаған тыныш атмосферасымен ерекшеленеді. Мұнда аяз қатты болмайтындықтан, серуендеу, мәдени нысандарды аралау және табиғатқа шығу әлі де өте жайлы.

Қыс басталғанда Шымкент ерекше жылылыққа бөленеді: алаңдар сәнді безендіріледі, мұражайлар шабыт сыйлайды, ал кафелер достармен немесе отбасыңызбен жайлы уақыт өткізуге таптырмас орынға айналады. Қаланы қыс мезгілінде көру — оның тыныштығы мен ерекше қыстық рухын сезіну.

Біз сіздерге Шымкентте желтоқсанды жайлы өткізудің бес жолынан тұратын шағын подборка дайындадық. Қаланы қыстың жылы атмосферасында танып, өзіңізге ұнайтын демалыс түрін таңдаңыз.

Мұз айдындары және қысқы серуендер

Биыл Шымкент нағыз қысқы көңіл-күй сыйлайды — ашық аспан астындағы мұз айдындары, кешкі шамдар және серуендеуге қолайлы атмосфера.
Желтоқсанды сыртта тамаша өткізудің қарапайым жолы.

Саябақтар және Арбат

Қалалық саябақтарда немесе Арбат жаяу аймағында жайлап серуендеп көріңіз.
Жылы жарық, тыныш кештер және жайлы атмосфера Шымкенттің қысына ерекше реңк береді.

Мұражайлар және галереялар

Күніңізді қаланың мұражайлары мен көркем кеңістіктерін аралауға арнаңыз.
Тарихтан өнерге дейін — суықтан қорғанып, жаңа дүниелерді танып-білудің тамаша тәсілі.

Кафелер және жылы сусындар

Желтоқсанда ең жақсысы — жайлы кафеде ыстық сусын ішу.
Серуеннен кейін демалудың немесе қарбалас күннің ортасында өзіңізге бір сәт көңіл бөлудің тамаша жолы.

Концерттер және қысқы шаралар

Желтоқсанда Шымкентте концерттер, қойылымдар, көрмелер және мерекелік іс-шаралар өтеді.
Атмосфера, мәдениет және қысқы мерекелік рух іздейтіндерге таптырмас.

Русский

Қазақша

English