Visit Shymkent

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2025 жылдың 27-29 қараша аралығында Ташкент қаласында «Жібек жолындағы туризм» (ТХТЖ-2025) халықаралық туристік жәрмеңкесі өтті.

Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесі — туристік өнімдерді ілгерілетуге, іскерлік байланыстар орнатуға және ынтымақтастық қарым-қатынастарын құруға ықпал ететін ірі іс-шара. Соңғы отыз жыл ішінде ТХТЖ туризм саласындағы ең жарқын оқиғалардың бірі ретінде танылды және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (UNWTO) ресми қолдауымен жыл сайын өткізілетін Орталық Азиядағы ең ірі іс-шара болып табылады.

Жалпы алғанда, іс-шараға Ресей, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Таиланд және Чехиядан 300-ден астам туристік сала мамандары мен компаниялары қатысты.

Биылғы жылы жәрмеңке әлемнің түкпір-түкпірінен туристік сала мамандарын біріктіріп, туристік және көлік компаниялары, жетекші қонақүй желілерінің өкілдері, дипломатиялық корпус, туризм саласындағы білім беру мекемелері және MICE-индустриясының мамандары үшін тиімді алаңға айналды.

Русский

Қазақша

English