Visit Shymkent

«Жер жәннаты – Жетісу» керуені Шымкентте

Шымкент қаласында Жетісу облысының бай туристік әлеуетін таныстыру мақсатында ақпараттық керуен өтті. «Жер жәннаты – Жетісу» атты шара аймақтар арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Жетісу өңірінің табиғи, мәдени және рекреациялық ерекшеліктері кеңінен таныстырылды. Керуен аясында өңірдің танымал туристік бағыттары мен нысандары – Жоңғар Алатауы ұлттық паркі (@zhongar_alatau_kz), Алтынемел ұлттық паркі (@altynemel_np), Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы орталығы (@mcps_khorgos), М.Тынышбаев атындағы музей (@m_tynyshbaiuly_muzei), Жаркент-Арасан шипажайы (@zharkentarasan), Tau Zhetysu (@tau.zhetysu), Яхта Балқаш (@yahta_balhash) және Jetysu Camping (@jetysu_camping) көпшілік назарына ұсынылды.

Керуеннің Шымкентке сапары барысында Visit Shymkent командасы жетісулық әріптестерді жылы қарсы алып, өз кеңселері мен Creative Hub орталығымен таныстырды. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу кездесуі өтіп, қонақтарға Шымкент қаласының туристік нысандарына экскурсия ұйымдастырылды.

Жетісу облысының өкілдері көрсеткен қонақжайлылық пен жылы қабылдау үшін шымкенттік әріптестерге ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта туризм саласындағы өзара серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

«Жер жәннаты – Жетісу» керуені – өңірлер арасындағы туризмді дамыту мен бір-бірінің тәжірибесін бөлісуге бағытталған маңызды бастама.

Русский

Қазақша

English