«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ағымдағы жылдың 26 қазан күні сағат 13:00-де Шымкент қаласында кең көлемде өтетін «Батпырауықтар фестивалінің» ұйымдастырылатынын хабарлайды.
Фестивальдің мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, отбасылық демалысты насихаттау және шығармашылық белсенділікті арттыру.
Бұл фестиваль – отбасылық демалыс мәдениетін дамытуға, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және ашық аспан астында көңілді атмосфера қалыптастыруға бағытталған мәдени-ойын-сауық шарасы.
Фестиваль барысында қатысушылар түрлі-түсті батпырауықтардың аспан төрінде самғауын тамашалап қана қоймай, әртүрлі шығармашылық және спорттық бағыттағы жарыстарға қатысу арқылы белсенді демалыс өткізе алады.
Іс-шара бағдарламасы аясында:
- Батпырауық ұшыру бойынша жарыстар;
- Балаларға арналған батпырауық жасау шеберлік сабақтары;
- Анимациялық қойылымдар және сабын көпіршіктер шоуы;
- Диджейлік музыкалық бағдарламалар;
- Тақырыптық би қойылымдары;
- Концерттік бағдарлама.
Сонымен қоса:
- Велоәуесқойлар арасында жарыс;
- Көше биі стильіндегі бишілер сайысы;
- Мото-маусымның салтанатты жабылуы.
Фестиваль – қала мәдениетін дамытудағы маңызды бастама. Ол отбасылық демалыс дәстүрін қалыптастыруға, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға және Шымкенттің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.
Осындай ашық әрі шабыт сыйлайтын іс-шаралар арқылы Шымкент тұрғындары мен қонақтары бірлесе уақыт өткізіп, позитивті энергия мен жарқын эмоцияға бөленеді.



