Visit Shymkent

ШЫМКЕНТ ПЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ТУРОПЕРАТОРЛАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Шымкент қаласында Қазақстан және Оңтүстік Корея туроператорлары өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжаттың басты мақсаты – жаңа тікелей әуе рейстерінің ашылуына байланысты туристік байланысты дамыту және Шымкенттің туристік әлеуетін ілгерілету.

Меморандум аясында:
• бірлескен туристік бағдарламалар әзірлеу;
• топтық және жеке турларды ұйымдастыру;
• онлайн платформалар мен көрмелер арқылы турөнімдерді ілгерілету;
• ақпарат және тәжірибе алмасу;
• қызмет сапасын арттыру бағыттары қамтылды.

Бұл келісім екі ел арасындағы туризмді дамытуға және мәдени байланыстарды нығайтуға тың серпін бермек.

🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі.

Русский

Қазақша

English