Қарашаш ана
кесенесі

Қарашаш ана кесенесі ежелгі  Испиджаб қаласында орналасқан, қазір Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында.

Басты бет   |   Сакралды нысандар  |  Қарашаш ана кесенесі

Кесенеге бару арқылы адамдар жеке өмірінде бақыт табады, ал әйелдер көптен күткен ана болады деп саналады

Қарашаш ана кесенесі ежелгі  Испиджаб қаласы, қазіргі Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында орналасқан. ХІХ ғасырдың тарихи ескерткіші болып табылатын бұл кесене оңтүстік өңірінде кең тараған ортағасырлық сәулет өнерінің күмбезді үлгісінде салынған. Қарашаш ананың шын есімі — Айша-Бибі. Сайрамның әйгілі Мұса шейхінің қызы болған Айша-Бибі өз заманының ең білімді әрі тәрбиелі әйелдерінің бірі ретінде танылған.

Адамдар кеңес сұрап, алыс қалалар мен ауылдардан келетін. Ерекше емшілік қасиетімен танымал болып, адамдарға түрлі дерттерден айығуға, сондай-ақ түстерін жору мен түсінуге көмектескен тұлға.

Қалай жетуге болады?

Русский

Қазақша

English