Әзербайжанның Губа қаласында 7-9 қыркүйек күндері өткен Екінші қазақ-әзербайжан туристік форумына Қазақстаннан арнайы делегация қатысып, оның ішінде Шымкент қаласы өз туристік әлеуетін ұсынды. Форум барысында Шымкенттің бай тарихи мұрасы, мәдени құндылықтары мен заманауи инфрақұрылымы таныстырылып, қаланың туризмді дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктері паш етілді.
Сонымен қатар, форум аясында B2B кездесулер ұйымдастырылып, қазақстандық делегацияға Губа өңірінің туристік әлеуеті көрсетілді. Бұл шара екі ел арасындағы туризм саласындағы әріптестікті нығайтып, мәдени және экономикалық байланыстарды тереңдетуге ықпал етті.
🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі






