Осы аптада Шымкент қаласында қызықты мәдени іс-шаралар өтеді. Кештер мен демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтарын концерттер, театр қойылымдары, стенд-ап шоулар және цирк өнері күтеді.
Қаланың сахналары мен мәдени орталықтарында түрлі жанрдағы концерттер ұйымдастырылады. Театр сүйер қауым классикалық және заманауи спектакльдерді тамашалай алады. Ал әзілді жақсы көретіндер үшін жергілікті және шақырылған комиктердің стенд-ап кештері өтеді. Аптаның ерекше оқиғаларының бірі – цирк қойылымдары, онда көрермендерді әсерлі нөмірлер мен ерекше орындаушылар қуантады.
Бұл апта – мәдени кештер мен өнер сәттерінен ләззат алуға тамаша мүмкіндік. Іс-шаралардың нақты уақыты мен өтетін орны туралы ақпаратты ұйымдастырушылардың ресми парақшаларынан қарауға болады.
Шаншар
Астана даңғылы, 14, «Түркістан» концерт залы
9 желтоқсан, 18:30
Күтпеген кездесу
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 6, Ж. Шанин атындағы театр
9 желтоқсан, 19:00
ӘПКЕ
Шымкент жастар театры ғимараты, Қазыбек би 9
10 желтоқсан, 19:00
Өлдік те, құрметті болдық
Назарбаева, 6, Ж. Шанин атындағы қалалық Қазақ драма театры
10 желтоқсан, 19:00
Ескі әндер кеші
Seitzhan Hall, Түркия көшесі, 23/3
10 желтоқсан, 20:00
Келіндер көтерілісі
Shymcity шағынауданы, 101/1, Qyzgaldaq Sarai
11 желтоқсан, 19:00
Жанкелді Өркен гастрольдік сапармен
«Лео» клубы, Қонаев даңғылы 35
11 желтоқсан, 20:00
Мамаша Кураж және оның балалары
Әл-Фараби алаңы 4/2, Орыс драма театры
12 желтоқсан, 19:00
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Шымкент қалалық қуыршақ театры
13 желтоқсан, 11:00
Посвящение 2025
Қазиева 2А, Жеңіл атлетика манежі
13 желтоқсан, 19:00
«Прикованы» тобының концерті
Сайрамская 1/1, «РАЗРАБОТКА» театры
13 желтоқсан, 20:00
Театрдағы кино — «Шынайы махаббат»
Сайрамская 1/1, «РАЗРАБОТКА» театры
14 желтоқсан, 19:00



