2025 жылғы 27 қыркүйекте Шымкент қаласында Дүниежүзілік туризм күніне орай ShymQala тарихи-мәдени кешенінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға 1 000-ға жуық адам қатысты.
Бағдарлама ShymQala тарихи-мәдени кешенінде экскурсиядан басталды. Онда қонақтар көне қаланың тарихы мен сәулет өнерімен жақынырақ танысты. Одан кейін қатысушылар Red Bus туристік автобусы арқылы қаланың басты көрнекті орындарын аралап шықты. Экскурсия барысында кәсіби гидтер қала тарихы мен мәдени мұрасы туралы толық мағұлмат берді.
Аталған шараға шетелдік туристер де қатысты: Оңтүстік Кореядан, Қытайдан, Ресейден, Бельгиядан және Испаниядан келген шамамен 150 қонақ Шымкенттің тарихи-мәдени нысандарымен танысты.
Бұл шараның негізгі мақсаты — Шымкент қаласының мәдени-тарихи әлеуетін кеңінен насихаттау, жергілікті брендтерді қолдау және қаланың туристік тартымдылығын арттыру.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі.








