2025 жылғы 27-28 ақпанда Ташкент қаласының бірқатар жоғары оқу орындарында Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылды, студенттер үшін арнайы туристік маршруттар ұсынылды. Кездесуге Alfraganus University, Tashkent davlat transport universiteti және Ташкент мемлекеттік Шығыстану университетінің студенттері қатысты.
Басқарма тарапынан жоғарыда аталған оқу орындарының студенттеріне қаланың қонақ үйлерінде жеңілдіктер, туристік объектілер мен гидтерге тегін қол жеткізу туралы мәселе қаралатын болады. Айта кету керек, студенттік туризмді дамыту мақсатында өткен кездесуде Биыл Шымкентте өтетін 8 фестиваль туралы презентация ұсынылып, студенттер осы фестивальдерге қызығушылық танытты.
Іс-шара соңында ЖОО басшыларымен наурыз айынан бастап Шымкент қаласына студенттерді жіберу туралы келісім жасалды.



