Visit Shymkent

Шымкент зообағы – табиғат пен жануарлар әлемінің үйлесімі

Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы 1980 жылы құрылды. Зоосаябақ – ғылыми-экологиялық ақпараттандыру орталығы, табиғатта жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін жануарларды сақтау орны, сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналары үшін демалатын, қаланың қарбалас өмірінен бір сәтке алыстауға мүмкіндік беретін ерекше мекен.

Қазақстан бойынша үш зоосаябақ бар, соның бірі – Шымкент қаласында орналасқан. Зоосаябақтың жалпы аумағы 29,25 гектарды құрайды.
Қорында 300 түрге жататын 3550 жануар бар. Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағының негізгі мақсаты – сирек және жойылып бара жатқан жануарларды сақтау мен көбейту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ағарту қызметін жүзеге асыру.

Зоосаябақта жануарларды көбейту мен зерттеу ғана емес, келушілерге арналған экскурсиялар мен танымдық дәрістер де өткізіледі. Қызметкерлер өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісіп, үй және сәндік жануарларды күту жөнінде кеңес береді.

Русский

Қазақша

English