Visit Shymkent

Шымкент – Красноярск бағытындағы тікелей рейстер желтоқсанда басталады

2025 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Красноярск бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады.

Жаңа бағыт енді екі елдің тұрғындарына ауыспай, тікелей ұшуға мүмкіндік береді, бұл сапарларды әлдеқайда ыңғайлы әрі үнемді етеді.

 

Рейстердің кестесі келесідей:

Шымкенттен Красноярске – дүйсенбі және бейсенбі күндері;

Красноярскіден Шымкентке – сейсенбі және жұма күндері.

 

Бұл бастама Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік, мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға жаңа серпін береді.

Билеттер сатылымда – оларды әуе компаниясының ресми сайтынан және серіктес агенттіктерден сатып алуға болады.

Русский

Қазақша

English