Visit Shymkent

СТУДЕНТТІК ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

2025 жылғы 30-31 қаңтарда Алматы қаласының жоғары оқу орындарында Шымкент қаласының туристік әлеуетінің тұсаукесері өтті, сондай-ақ студенттер үшін арнайы турлар ұсынылды. Кездесу барысында биыл Шымкентте өтетін сегіз фестивальдің тұсаукесері өтті, бұл жастардың қызығушылығын тудырды.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ), Almaty Management University (AlmaU), Алматы инженерлік-техникалық университетінің, «Тұран» университетінің және Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері қатысты.
Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығы осы жоғары оқу орындарының студенттеріне Шымкент қонақ үйлерінде тұруға жеңілдіктер беру, сондай-ақ қаланың туристік нысандарына тегін бару мүмкіндігін қарастырды.
Сонымен қатар, студенттерді Шымкентке тарту аясында университет басшылығымен келісімге қол жеткізіліп, екіжақты құжаттарға қол қойылды. Студенттердің бірінші тобы қалаға наурыз айында келеді.
Бұл бағыттағы жұмыс Астана университеттерінде жалғасатын болады.

Русский

Қазақша

English