Сайрам музейі

1992 жылы сәуір айында тарихшы, профессор М. Мирхалдаровтың бастамасымен ашылды.

Басты бет   |  Мәдени-тарихи нысандар  |  Сайрам музейі

Міне, біз білеміз:

Сайрам музейі 1992 жылы сәуір айында тарихшы, профессор М. Мирхалдаровтың бастамасымен ашылды.
Сайрам музейі қорында 9 мыңға жуық жәдігер бар. Музей экспозициясы 10 залдан тұрады.

«Археология» экспозициялық залы: Жер астынан табылған көне заманғы қыш бұйымдар, дәрілік ыдыстардың жасау кезінде пайдаланған ошақтың бөлшектері қойылған. Музей залындағы қыш құмыралар, ыдыстар, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениетінен мағлұмат береді.

«Исфиджаб қаласының шаруашылығы» экспозициялық залы: Қоқан хандарының суреттері, сол уақытта әйелдердің киген пәренжісі қойылған. Сондай-ақ, еңбек құралдары, сауда-саттықта пайдаланған темір аспалы және жер таразылары, ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Сайрамдағы саяси-әлеуметтік оқиғалар, тарихи тұлғалар өмірі жайында баяндайтын құнды фотосуреттер, құжаттар, заттық деректер қойылған.

«Қоныс аударған славяндардың тұрмысы» экспозициялық залы: Славян халықтарының салт-дәстүрі, музыкалық аспаптары, дәстүрлі шараушылығы, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ыдыс-аяқтары мен пайдаланған заттары ұсынылған.

«Тәуелсіздік» экспозициялық залы: Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдарынан сыр шертетін фотосуреттер, ҚР Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жетістіктері туралы мәліметтер қойылған.

«Табиғат» экспозициялық залы: Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстар, тау жыныстары, дәрілік өсімдіктер коллекциясы ұсынылған.

«Қазақ этнографиясы» экспозициялық залы: Қазақ халқының ерте замандардан келе жатқан руханияты мен салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігін және ата-бабаларымыздың тұрмыста қолданған заттары, түрлі әшекей-бұйымдары, киіз үйдің бөлшектері, киімдері, ыдыстары қойылған. ХІХ-ХХ ғғ. бас кезінде қолданған әшекей-бұйымдар, үй жиһаздары, тұрмыстық заттар, ер-тұрмандары бар.

«Екінші дүниежүзілік соғысы» экспозициялық залы: Сайрамнан шыққан Кеңес Одағының батырларының, соғыс ардагерлерінің киімдері, орден-медальдары, құжаттары қойылған. Музейде 100-ге жуық жауынгерлердің заттары, тарихи суреттері жиналған.

«Өзбек этнографиясы» экспозициялық залы: Өзбек халқының ерте замандардан келе жатқан руханияты мен салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі және тұрмыста қолданған заттары, түрлі әшекей-бұйымдары, киімдері, тоқыма заттары, ыдыстары, музыкалық аспаптары қойылған.

«Еңбек ардагерлері» экспозициялық залы: Досметов Сыдық, Жамалов Ордабек, Н. Юлдашев, Ж. Аязбаев, С. Мирсултанова, С. Юлдашев, Н. Сулейманов, Х. Абдукадирова, Ш. Досметов, Ю. Мадиев, Т. Хайтметовтардың суреттері, ордендері, медальдары, құжаттары, алғыс хаттары қойылған.

«Тарихи-орындар» экспозициялық залы: Сайрам мекенінің архитектуралық ескерткіштерінің суреттері атап айтсақ, Ибраһим ата кесенесі, Қарашаш ана кесенесі. Мірәлі баба, Әбдел Әзіз бап кесенелерінің суреттері қойылған. Арабша кітаптардан «Насабнама», «Құран Кәрім» т.б. кітаптар бар.

Қалай жетуге болады?

Русский

Қазақша

English