Түркістан салтанат сарайында 1420 орындық залы
бар халықаралық және республикалық іс-шаралар өтуде.
Басты бет | Әлеуметтік-мәдени нысандар | Түркістан салтанат сарайы
Түркістан салтанат сарайы- бұл халықаралық және республикалық шаралар, конференциялар, салтанатты кештер мен концерттер өтетін, 1420 орындық залы бар ғимарат. Ғимарат заманауи стандарттарға толық сай келетін және мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайланып салынған. Түрлі салтанатты шаралар ұйымдастыруға лайықталған «Түркістан»
салтанат сарайының жалпы көлемі 8,5 мың шаршы метрді құрайды. Салтанат сарайында орнатылған құрал-жабдықтар үлкен масштабтағы концерттерді өткізуге мүмкіндік береді. Ал екінші қабатта жекеленген вип ложалар бар.