AQ MESHIT

Мешіт Шымкент қаласынан батысқа қарай Темірлан тас жолының бойында орналасқан.

Басты бет   |  Діни нысандар  |  Халифа бен Заид Әл Нахаян атындағы «AQ MESHIT»

Әр ұлт және дін өкілдері үшін есігі ашық мешіт туристерді қызықтырады

Мешіт Темірлан тас жолының бойында (Шымкенттің батысында) орналасқан.
Халифа бен Заид Әл Нахаян атындағы «AQ MESHIT» Орталық мешіт — Шымкент қаласының діни көрнекі орындарының бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен және БАӘ (Біріккен Араб Әмірліктері) президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның тікелей қолдауымен, 2013 жылдың мамыр айында ашылған мешіт өз көркемдігімен және ауқымдылығымен таң қалдырады. Үлкен ақ күмбезбен жабылған ерекше сәулет кешеніне дәрет алу бөлмесі, имамның үйі және 8 мың адамға арналған кең намазханалар кіреді.

Мешіттің төрт бұрышының әр бірінде, азаншы намазға шақыратын мұнаралар қойылған. Сыртқы көрінісі көз тартымды. Мешіт сыртын қаптаған асыл ақ мәрмәрдің әсемдігіне қарап, осы ғимаратты Шымкент қаласының ең басты көрнекі орындарының бірі деп айтсақ болады. Қазір, Қазақстанның үшінші мегаполисының ең көп адам келетін нысандар арасына Орталық мешіт те кіреді. Әр ұлт және дін өкілдеріне есігі ашық мешіт туристтерді қызықтырады, әр адам ішіне кіріп Ислам туралы ақпарат біле алады.

Қалай жетуге болады?

Русский

Қазақша

English