Мірәлі баба
кесенесі

Мірәлі баба кесенесі XIX ғасырдың соңында, қасиетті
адам мен ұлы ғалымның қабірінің үстіне тұрғызылды.

Басты бет   |   Сакралды нысандар  |  Мірәлі баб кесенесі

Кесене діни ғалымның құрметіне салынған

Мірәлі баба кесенесі — XIX ғасырдың соңында діни ғұлама адамның құрметіне арналып тұрғызылған. 9 метрлік қалайы күмбезбен безендірілген кесене Сайрам тұрғын алабының орталығында, ескі зиратта, екі басты көшенің қиылысынан алыс емес жерде орналасқан.

Кесененің жалпы ауданы 9,8х6,4 метрді құрайды, ал күмбездің биіктігі 9 метрге жетеді. Ғимараттың қабырғалары әктелмеген, ірі күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.

Қалай жетуге болады?

Русский

Қазақша

English