Мәртөбе қалашығы

Қазақ тарихында Мәртөбе қалашығы орын ретінде белгілі,
онда төбе дала Парламентінің рөлін атқарды.

Басты бет   |   Сакралды нысандар  |  Мәртөбе қалашығы

Мәртөбе маңызды жиналыстар жиналатын және өткізілетін орынға айналды

Қазақ тарихында Мәртөбе қалашығы — дала парламентiнiң рөлiн атқарған орын ретiнде белгiлi. Қазақ даласында көптеген төбелер болғанымен, Мәртөбе олардың ішінде осындай маңызды мәнге ие бірегей төбе болып табылады. Мұнда алғашқы құрылтай өткізіліп, қазақ рулары мен тайпаларының ақсақалдары көшi-қон мәселелерiн, жайылым алқаптарын және халықаралық қатынастар секілді маңызды мәселелерді талқылаған.

Ташкент және Түркiстан сияқты iрi қалаларға жақын орналасқандығы мен табиғи жағдайының қолайлы болғанына байланысты қазақ билерiнiң жиналып жиындар мен кездесулер өткізетін орынға айналған. Әбiлқайыр ханның өлiмiнен кейiн қазақ халқының ұйымдасуы мен бiрiгуi де осы Мәртөбеде өткен болатын. Тәуке ханның «Жетi жарғы» — ең алғашқы дала заңына мөр де осы жерде басылған болатын.

Қалай жетуге болады?

Русский

Қазақша

English