Сейітжан қари Есжанұлы атындағы мешіт
Сипаттамасы: Сейітжан қари Есжанұлы атындағы мешіт Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Мешіт 4 мұнарадан тұрады. Негізгі бас күмбездің биіктігі 56 метр. Негізгі орталық есіктен ер азаматтар кірсе, сол жақ тұсындағы есік әйел адамдарға арналған. 12 мыңға жуық мінәжәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар, ал кіреберіс алаңда бірден 10000-ға жуық келушілер жинала алады. Сондай-ақ, бұл ғимаратта 1100 орынға арналған конференц-зал, 600 орынға арналға ас беру орны, 100 орынға арналған неке қию залы, 428 орынға арналған кіші дәрет алу орны, медресе мен кітапхана бар. 300 балаға арналған медресеге құрметті қонақ Осман Тоханның есімі берілді. Келушілер көлігін ыңғайлы етіп қою үшін 2 қабатты автотұрақ та қарастырылған. Ішкі сәулеті де көз тартады. Қазақы нақышпен көмкеріліп, қабырғасына Құран сүрелері жазылған.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Назарбаев көшесі, 366