Қызыр мұнарасы
Сипаттамасы: Сайрамның ежелгі мұраларының бірі – ХІХ ғасырға жататын Қызыр пайғамбардың атымен аталған мұнара. Қазақстанның ең көне қалаларының бірі — Шымкентте, Сайрам тұрғын алабында орналасқан. Көне сәулет ескерткіші болып саналатын мұнара күйдірілген кірпіштен соғылған. Соғылған кездегі биіктігі 10,5 метр болғанымен, кейін жер сілкінісі мен табиғи құбылыстардың салдарынан біраз мүжілген.
Қызыр пайғамбар мешіті, Сайрамның киелі орны, шағын тарихи-мәдени кешені болған. 1920-жылдары мешіттен тек жер астындағы бөлме мен жартылай қиратылған мұнара қалған. Археологтар бұл орынға жүргізген зерттеулер барысында өткен уақыттың қалдықтары мен бұрынғы ұлылығын көрсететін іздерді тапты. Мешіт қатты бұзылғанына қарамастан, есігі шығысқа қарайтын тікбұрышты ауласы болғаны анықталды.
Қазіргі таңда бұл жер қаланың діни әрі зиярат орталығы. Мұнараның шығыс жағында тұрғын үй, ал солтүстік және батыс жағында мектеп орналасқан. Қазіргі уақытта қалған мұнараның биіктігі шамамен 5 метрді құрайды, диаметрі 2,5 метр. Мұнараның жоғарғы бөлігі өрнектеліп қаланған кірпіштер мен жан-жаққа қаратылып салынған аркалы ойықтардан тұрады. Жоғары шығатын баспалдақ ағаш тіреулер мен ортасындағы кірпіш тірекке бекітілген.
Мекенжай: Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабының орталығында орналасқан