«Visit Shymkent»
туристік ақпараттық орталығы
Біз жайлы

«Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының „Visit Shymkent“ туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Орталық) қала әкімінің тапсырмасымен 2020 жылдың қараша айында ресми тіркеліп, 2021 жылдың 17 наурызында қала әкімінің қатысуымен тұсау кесері өткізілді. Орталық «бір терезе» қағидатымен төмендегі бағыттар бойынша жұмыс істейді.

Олар:
  1. Туризм саласын талдау;
  2. Қаланың туристік имиджін дамыту;
  3. Ірі туроператорларды анықтау;
  4. Туристік маршруттарды жасақтау;.
  5. Оқиғалық іс-шараларды өткізу;
Мекеме Шымкент қаласы Тұран ауданы, Абай даңғылы 4В ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Орталық ішкі туризмді дамытумен бірге Шымкент қаласы бойынша туристік нысандарды отандық және шетелдік нарықта насихаттауға ықпал етеді.
Орталық туристерді ақпаратпен қамтамасыз етіп, өңірдің туристік әлеуетін, маркетингін ілгерілету мен талдау, халықаралық шараларды ұйымдастырып, іскерлік туризмді дамытумен айналысады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беріп, туристік карталар ұсынып, қалада өткізілетін іс-шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттарды таратады.
Шымкент қаласына ақпараттық турға шақырамыз
Күндері: 2025 жылдың Сәуір айы
Мекенжай: Шымкент қаласы
Байланыс: (+7) (771) 000-17-17
Туристік индустрия өкілдеріне арналған Семинар тренингке шақырамыз
Туристік индустрия өкілдеріне арналған (гид-экскурсоводтар, қонақ үй бизнесі әкімшілері, мейрамхана қызметкерлері) семинар-тренинг.

Күндері: 2025 жылдың Сәуір айы
Мекенжай: Шымкент қаласы
Байланыс: (+7) (771) 000-17-17
Біздің қызметтер
Туризм саласын талдау
Қаланың туристік имиджін дамыту
Туристік маршруттарды жасақтау
Оқиғалық іс-шараларды өткізу
Кері байланыс
Бізге хабарлама қалдырыңыз, сізге тез арада жауап береміз!
БІЗБЕН БАЙЛАНЫС
+7 702 109 17 17
shymkentvisit@gmail.com
Біз әлеуметтік желілерде:
«Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шымкент 2024
Made on
Tilda